Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы

Автор: admin от 23-09-2022, 16:18, посмотрело: 165

0

Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы

 
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 34-1) тармақшасына сәйкес, "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына және 16-бабының 1-тармағына негізінде БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Педагогикалық әдеп қағидалары;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
      2. "Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13038 болып тіркелген, 2017 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаменті (Н.Ә. Байжанов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов
 

 

 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 11 мамырдағы
№ 190 Бұйрыққа
1-қосымша
 

Педагогикалық әдеп қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Педагогикалық әдеп қағидалары (бұдан әрі - Педагогикалық әдеп) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының және "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес әзірленді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей танылған адамгершілік қағидаттары мен нормаларына негізделген.
      2. Педагогикалық әдеп білім беру ұйымдарының педагогтері басшылыққа алатын педагогикалық әдеп қағидаттары мен нормаларының жалпы жиынтығын білдіреді.
      3. Педагогикалық әдеп ережелерін педагогтердің білуі және сақтауы олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібі сапасын бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылады.
      4. Педагогикалық әдеп мәтіні білім беру процесінің қатысушылары үшін белгілі бір қолжетімді орында орналастырылады.
      5. Педагогке қатысты талқылаулар және олардың негізінде қабылданған шешімдер педагогтің жазбаша келісімімен ғана жария етілуі мүмкін.

2-тарау. Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары

      6. Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
      1) адалдық:
      педагогтің адалдығы олардың оқыту мен тәрбиелеу нәтижесіне, өз қызметіндегі түзетулерді жүзеге асыра білуіне, сынға және рефлексияға қабілетін дамытуға, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің), әріптестерінің кез келген пікірі үшін ашықтығына жауапкершілігін білдіреді;
      2) әділдік:
      педагогтің әділдігі оның бағалау кызметінің ашықтығын, олардың құрған білім беру ортасының айқындылығын білдіреді. Әділдік педагогке білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің), әріптестерінің құқығын бұзуға тыйым салады;
      3) жеке тұлғаның абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу:
      педагог өзінің кәсіби назарындағы объектілер болып табылатын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің), адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, олармен қарым-қатынас жасауда әдепті болады. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп, білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының өсуіне ықпал ету мақсатында білім алушының жетістіктерін (жетіспеушілігін) бағалауда сыпайылықты қамтамасыз етеді.
      Білім беру процесінің қатысушыларына қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға жол бермейді;
      4) патриотизм:
      педагог өз Отаны - Қазақстан Республикасына, тарихына, дәстүрлеріне және тіліне адал және сүйіспеншілікпен қарайды. Қазақстан Республикасының мәдени және тарихи дәстүрлерін сақтайды, бұл қарым-қатынасты білім алушыларға береді.
      5) жалпы адами құндылықтарды құрметтеу және төзімділік:
      Педагог жалпы адами құндылықтардың басымдылығын мойындай отырып, әрбір ұлт мәдениетінің ерекшелігіне, құндылығына және қадір-қасиетіне құрметпен қарайды.
      Педагог ұлтаралық қатынастар мәдениетін тәрбиелейді, білім алушыларды жасына, жынысына, тіліне, ұлтына, діни көзқарасына, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына немесе өзге де кез келген жағдайларға қарамастан барлық ұлттар мен барлық адамдардың құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеуге үйретеді;
      Педагогтің толеранттылығы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге, олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) төзімділікті, олардың әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, мәдениетке, наным-сеніміне, туған жері иен тұрғылықты жеріне төзімділікті, сондай-ақ жұмыста білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жетілмегенін түсіне және ескере білуді көздейді.
      Педагог мектеп ұжымында сенім білдіру және құрметтеу ахуалын жасауға ықпал етеді;
      6) кәсіби ынтымақтастық:
      педагог кәсіптің беделі туралы ойлайды, әріптестерінің абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, мұғалімнің беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермейді.
      Қандай да бір нысанда өз әріптестерінің сенімін теріс пайдалануға, олардың кәсіби міндеттерін атқаруына кедергі жасауға, оларға қандай да бір шығын келтіруге жол бермейді. Педагог өз әріптестерінің теориялық және әдістемелік шеберлік деңгейін арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға жәрдем көрсетеді, қиын жағдайға тап болған әріптестеріне көмекке келеді. Кәсіби ынтымақтастық жалғандық пен әділетсіздікті ақтауға қызмет етпейді;
      7) үздіксіз кәсіби даму:
      педагог өзінің кәсіби шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін жетілдіреді.

3-тарау. Педагогикалық әдептің негізгі нормалары

      7. Педагогтер қызметтік және қызметтік емес уақытта:
      1) педагогикалық әдептің негізгі принциптерін сақтайды;
      2) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жоғары адамгершілік рухына, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;
      3) білім алушыларға Отанына - Қазақстан Республикасына құрметпен қарауды үйретеді, патриотизм рухын ұялатады;
      4) Қазақстан Республикасы педагогінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;
      5) өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы орындайды;
      6) өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады;
      7) еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды;
      8) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
      9) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;
      10) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
      11) өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
      12) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісін ұстанады;
      13) педагог мәртебесін пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдаланудан аулақ болады;
      14) өз қызметінде академиялық адалдық принциптерін мүлтіксіз сақтайды, соның ішінде академиялық ортада адалдық пен өзара сыйластық қалыптастыратын негізгі институционалдық құндылық ретінде академиялық адалдықты қамтамасыз етеді, педагогтің академиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін тәлімгер ретінде өзінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне құрмет көрсету, білім беру процесіне қатысушыларды академиялық адалдықтың жоғары стандарттарын алға жылжытуға және қорғауға ынталандыру және көтермелеу, педагогтің пәннің нақты саясатын, білім алушылардан күтілетін талаптарды анықтауы, білім алушылардың жауапкершілігін қамтамасыз ету және олардың академиялық адалдық қағидалары мен стандарттарын бұзғаны үшін пәрменді шаралар қабылдау, білім алушыларға білім беру, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсететін және академиялық әділетсіздік танытуға мүмкіндік бермейтін академиялық орта құру;
      15) материалдарды БАҚ-та, оның ішінде интернет-басылымдарда жариялайды, жеке тұлға ретінде өз атынан ғана көпшілік алдында сөйлейді, бұл ретте педагогтің жоғары атағына нұқсан келтірмей, пікірталасты дұрыс түрде жүргізуді қамтамасыз етеді, мемлекеттің лауазымды тұлғаларының атына сындарлы емес сыннан және әдепсіз пікірден тартынады, жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашпайды, қоғамда педагогтің жоғары атағына нұқсан келтірмейді;
      16) білім беру ұйымының атынан бұқаралық сөз сөйлеулер, БАҚ жарияланымдары осы ұйымның басшысымен келісіледі;
      17) әлеуметтік желілерде тексерілмеген және (немесе) дәйексіз және (немесе) әдепсіз ақпаратты таратпайды, қоғамда педагогтің жоғары атағын нығайтуға ықпал етеді;
      18) білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға ықпал етеді;
      19) білім алушы мен тәрбиеленушінің жетістіктерінің (жетістікке жетпеуінің), оның әлеуметтік жағдайының, ата-анасының (заңды өкілдерінің) жұмыс орнының құпиялылығын қамтамасыз етеді және бұл мәліметтер қәмелетке толмаған білім алушы мен тәрбиеленушінің ата-аналарының (заңды өкілдерінің) немесе қәмелетке толған білім алушы мен тәрбиеленушінің жазба келісімімен ғана жария етіледі.
      8. Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагогтер:
      1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
      2) білім беру процесіне қатысушыларға есімін атап, құрметті және мәдени түрде, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтай отырып жүгінеді, білім беру процесіне қатысушылардың аты-жөнін жазуда және айтуда ерікті түрде бұрмалау фактілеріне жол бермейді;
      3) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестерінің тарапынан осындай әрекеттердің жолын кесуге күш салады;
      4) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
      5) білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді;
      6) педагогикалық әдептің бұзылуына шағым жасаған адамдарды кемсітпейді.
      9. Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагогтер:
      1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
      2) басқа педагогтің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді;
      3) дәйексіз және дәлелсіз шағымдардан бас тартады, педагогикалық әдіптің бұзылғанына шағым жасаған адамға қарсы жауап шараларын қабылдамайды.
      10. Педагогикалық этиканы бұзғаны үшін педагогтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      11. Педагогикалық әдепті сақтау мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының тиісті Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестері жүзеге асырады.

 

 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 11 мамырдағы
№ 190 бұйрыққа
2-қосымша
 

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастыруды анықтайды.
      Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) білім беру ұйымдарында құрылатын және педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады.
      Білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесіне педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар жүгіне алады.
      2. Кеңес өз қызметін "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және объективтілік пен әділдік, әдептілік қағидаттарын басшылыққа алады.

2-тарау. Кеңестің негізгі міндеттері мен өкілеттіктері

      3. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) педагогикалық әдептің бұзылу мониторингі, профилактикасы және оның алдын алу;
      2) білім беру ұйымы ұжымының адамгершілік-психологиялық ахуалын жақсартуға, педагогикалық әдептің бұзылуына байланысты даулы жағдайларды реттеуге ықпал ету;
      3) педагогтердің жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу;
      4) педагогикалық әдепті бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды қарау және олардың негізінде білім беру ұйымының басшысына ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
      4. Кеңес өз құзыреті шегінде:
      1) өз отырыстарында педагогтер мен қаралатын мәселелерге қатысы бар тұлғаларды тыңдайды;
      2) білім беру ұйымының алдында тұрған міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдарды және ақпаратты сұратады;
      3) педагогтер мен қаралып отырған мәселелерге қатысы бар адамдардан түсіндірмелер және (немесе) түсініктемелер талап етеді;
      4) педагогикалық әдепті бұзу фактілеріне тексеріс жүргізу туралы білім беру ұйымының басшысына ұсыныстар енгізеді;
      5) білім беру ұйымының басшысына еңбек тәртібін нығайту, педагогикалық әдептің бұзылуының алдын алу бойынша ұсыныстар енгізеді;
      6) білім беру ұйымы басшысының қарауына педагогикалық әдепті бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ұсыныстар енгізеді;
      7) Кеңестің ұсынымдарын тиісті түрде қарастырмаған білім беру ұйымының лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстармен құзыретті мемлекеттік органдарға немесе тиісті лауазымды тұлғаларға жүгінеді;
      8) тараптарды татуластыру бойынша жұмыс жүргізеді.

3-тарау. Кеңес қызметін ұйымдастыру

      5. Кеңестің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.
      6. Кеңес төрағадан, хатшыдан және Кеңестің басқа да мүшелерінен тұрады. Кеңес мүшелерінің саны тақ болуы және 7 адамнан кем болмауы тиіс (Кеңес хатшысын есептемегенде).
      7. Кеңеске келесі тұлғалар кіреді:
      1) білім басқармаларының (бөлімдерінің) өкілдері, білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіподақтардың және (немесе) үкіметтік емес ұйымдардың және (немесе) қоғамдық бірлестіктердің өкілдері;
      2) кемінде екі педагогог;
      3) құрметті демалысқа шыққан педагогтер.
      Білім беру ұйымының басшысы, білім беру ұйымының басқарушылық, әкімшілік, қосалқы персоналының қызметкерлері, осы білім беру ұйымының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің ата-аналары Кеңес құрамына оның мүшелері ретінде енгізілмейді. Бұл ретте Кеңес хатшысы ретінде білім беру ұйымының басқарушылық, әкімшілік, қосалқы персоналының қызметкерлеріне жол беріледі.
      8. Кеңес құрамына:
      1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
      2) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;
      3) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін жұмыстан босатылған;
      4) бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
      5) азаматтың қатарынан үш және одан да көп сағат ішінде дәлелді себепсіз жұмыста (қызметте) болмауы негізінде жұмыстан шығарылған жағдайларды қоспағанда, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдар мен соттардан, әскери қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамдар кірмейді.
      9. Кеңес білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде сайланады.
      10. Білім беру ұйымының басшысы:
      1) Кеңесті қалыптастыру кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
      2) Кеңесті уақтылы сайлау үшін қажетті рәсімдерді өткізуді қамтамасыз етеді;
      3) Кеңес жұмысына жағдай жасайды және жәрдем көрсетеді.
      11. Кеңес құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      12. Кеңестің төрағасы мен хатшысы бірінші отырыста Кеңес құрамынан көпшілік дауыспен сайланады.
      13. Кеңес хатшысы Кеңестің дауыс беруіне және кеңес отырысына шығарылатын мәселелерді талқылауға қатыспайды.
      Кеңес хатшысы Кеңестің іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ететін тұлға болып табылады: мүшелер мен шақырылған адамдарды кеңес отырысының өткізілетін күні мен орны туралы хабардар ету, Кеңестің жұмыс жоспарының жобасын жасау, хаттама жүргізу және оны сақтау, өтініштер мен ұсыныстарды қабылдау, сондай-ақ Кеңестің атына келіп түсетін хаттарды тіркеу.
      Кеңес хатшысы Кеңес шешімдерінің орындалу мониторингін қамтамасыз етеді және олардың нәтижелері туралы кеңес мүшелеріне жеткізеді.
      14. Кеңес төрағасы Кеңес отырыстарын шақырады және күн тәртібін белгілейді.
      Кеңестің мүшелері:
      1) отырыстардың күн тәртібі бойынша ұсыныстар енгізеді;
      2) Кеңес отырыстарына материалдар мен оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысады;
      3) Кеңес қарайтын мәселелерді талқылауға қатысады.
      Кеңестің кезектен тыс отырысы төрағаның шешімі бойынша және (немесе) білім беру ұйымы басшысының ұсынысы бойынша және (немесе) Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен астамының бастамасы бойынша өткізілуі мүмкін.
      15. Педагогикалық әдепті сақтау туралы мәселе қаралған кезде педагогтің:
      1) қаралып отырған мәселе туралы ақпаратты жазбаша түрде алуға;
      2) қаралып отырған мәселе бойынша барлық материалдармен танысуға;
      3) өз құқықтары мен заңды мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке өзі немесе өкілі арқылы заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;
      4) шешімді жазбаша түрде алуға;
      5) қабылданған шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
      16. Кеңес мүшесінің қызметі осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ Кеңес мүшесі қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
      17. Кеңестің шешімі бойынша Кеңес мүшесі оның құрамынан:
      1) уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайында болған, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау үшін жұмыстан босатылған, демалыста, іссапарда болған уақытты қоспағанда, Кеңес отырыстарына жыл ішінде үш реттен артық қатыспаған;
      2) Кеңес мүшесі Кеңес құрамынан шығу туралы өтініш берген;
      3) педагогке қатысты талқылау мәліметтері оның жазбаша келісімінсіз жария етілген;
      4) осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген;
      5) осы қағидалардың 19-тармағының талаптары бұзылған жағдайларда шығарылуы мүмкін.
      18. Кеңес отырысы:
      1) егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады;
      2) жұмыс жоспарына сәйкес, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес, сондай-ақ өтініштер мен шағымдардың түсуіне қарай өткізіледі;
      3) Кеңестің күн тәртібі мен күні туралы қызметкерлерді, сондай-ақ мүдделі тұлғаларды Кеңес хатшысы оны өткізгенге дейін күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей хабардар етеді.
      Кеңес мүшелері оның отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
      19. Кеңес мүшесі, егер ол не онымен бірге тұратын жақын туыстары өзіне қатысты іс қаралатын адаммен туыстық қатынастармен байланысты болса, не аталған адамға қызметтік немесе өзге де тәуелді болса, іс бойынша талқылауға және дауыс беруге қатыса алмайды. Кеңес мүшесі тиісті іс бойынша талқыланғанға және Кеңес дауыс бергенге дейін осы мән-жайлар туралы Кеңес мүшелеріне хабарлайды.
      20. Кеңес отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелері санының қарапайым көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Кеңес мүшелері дауыс беру кезінде қалыс қала алмайды.
      21. Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша Кеңес мүшелерінің бірі төрағаның міндеттерін атқарады.
      22. Кеңес отырысы хаттама түрінде ресімделеді, оған Кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды. Кеңес отырысының хаттамасы - Кеңес отырысының барысын және онда қабылданған ұсынымдарды көрсететін ресми жазбаша құжат. Хаттама білім беру ұйымында сақталуы тиіс және білім беру ұйымының істер номенклатурасына енгізілуі тиіс.
      23. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде Кеңесте қаралады.
      Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде Кеңесте қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
      Оны қараудың қорытындылары туралы өтініш берушіге отырыстың өзінде не оны Кеңестің хатшысы қарау қорытындылары бойынша дереу хабарлауы тиіс.
      24. Педагогке қатысты істі қарау:
      1) еңбекке уақытша жарамсыздық;
      2) демалыста немесе іссапарда болған;
      3) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау уақытында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарудан босатылған;
      4) даярлауда, қайта даярлауда, біліктілікті арттыру курстарында және тағылымдамада болған кезеңде тоқтатылады.
      25. Хатшы жауапкершілікке тартылатын адамдарға Кеңес отырысының өткізілетін орны мен уақыты туралы күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей хабарлау жөнінде шаралар қабылдайды.
      Кеңес отырысында істі қарау, егер жауапкершілікке тартылатын адамдарға Кеңес отырысының уақыты мен орны туралы отырыс өткізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын тиісті түрде хабарланған болса, олардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.
      26. Осы Қағидаларда тиісті хабарлау деп адамды хатпен, тапсырыс хатпен немесе жеделхат арқылы хабардар ету танылады, ол өзіне немесе онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қолхат арқылы не хабарламаның немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып тапсырылады.
      27. Отырыста педагогтің жауапкершілігі мәселесін қарау кезінде Кеңес мына мәселелерді шешеді:
      1) педагогтің жауапкершілігін қарау үшін негіз болып табылатын нақты іс-әрекет (әрекетсіздік) орын алды ма;
      2) бұл іс-әрекет (әрекетсіздік) әдепті бұзу болып табылады ма;
      3) бұл әдепті бұзу педагог тарапынан жасалды ма;
      4) педагогтің осы бұзушылықты жасауда кінәсі бар ма.
      28. Істі қарау қорытындылары бойынша Кеңес білім беру ұйымының басшысына педагогке тиісті жаза қолдануды және (немесе) қолданбауды ұсынады.
      29. Кеңестің шешімі ұсынымдық сипатта болады.
      30. Білім беру ұйымының басшысы Кеңестің ұсынымын қарау кезінде еңбек және өзге де заңнама талаптарына сәйкес шешім қабылдайды.
      31. Педагогке қатысты талқылаулар және олардың негізінде қабылданған шешімдер оның жазбаша келісімімен ғана жариялануы мүмкін.
      Кеңес хатшысы өтініш берушіге оның өтінішін заңнамада белгіленген мерзімде қарау нәтижелерін жазбаша хабарлайды.
      Бұл ретте, өтініш берушіні "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4-тармағының және осы Қағидалардың 31-тармағының талаптарын сақтау қажеттігі туралы хабардар етеді.

Категория:

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Автор: admin от 23-09-2022, 16:14, посмотрело: 111

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

                                          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

     
      Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.
   1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
      1-бап. Осы Заңда қамтылатын кейбір ұғымдарды түсіндіру
      Осы Заңда қамтылатын ұғымдар мынадай мағынада қолданылады:
      1) жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам – мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымды атқаратын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, судья, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саяси лауазымды не «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымын атқаратын адам;
      2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнаулы уәкiлеттiк бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
      3) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметші, мәслихат депутаты, сондай-ақ мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін уақытша орындайтын адам;
      4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам – жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органының мүшелігіне кандидаттар ретiнде тiркелген азамат; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан жүргізілетін қызметшi; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілері;
      5) мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін;
      6) сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – осы Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласын үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;
      11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);
      12) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;
      13) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі.
      2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
      1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
      2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген.
      3-бап. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге де қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
      4-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгіқағидаттары
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:
      1) заңдылық;
      2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
      3) жариялылық пен ашықтық;
      4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;
      6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу;
      8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
      5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен
              міндеттері
      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:
      1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;
      2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;
      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
      5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.
   2-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ
      6-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларыныңжүйесі
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі:
      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті;
      2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды;
      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;
      6) қаржылық бақылауды;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;
      8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;
      9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын;
      10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді;
      11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;
      12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;
      13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.
      7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг
      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау болып табылады.
      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің дереккөздері – құқықтық статистика мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың мәліметтері, әлеуметтік сұрау жүргізу деректері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де ақпарат көздері болып табылады.
      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараларды жетілдіру үшін негіз болып табылуы мүмкін.
      5. Осы баптың ережелері арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіне қолданылмайды.
      8-бап. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау
      1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.
      2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мынадай бағыттар:
      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
      2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүзеге асырады.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.
      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды.
      3. Осы баптың 2-тармағының күші мына салалардағы қатынастарға:
      1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалауға;
      2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуге;
      3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге;
      4) сот төрелігіне;
      5) жедел-іздестіру қызметіне;
      6) қылмыстық-атқару қызметіне;
      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарының сақталуын бақылауға қолданылмайды.
      4. Осы баптың 2-тармағының ережелері арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіне қолданылмайды.
      5. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік тәртібін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
      9-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.
      4. Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
      10-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар
      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар – қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды жұртшылықтың қатысуымен мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері әзірлейді және олар заңнаманы әзірлеу кезінде және құқық қолдану практикасында ескеріледі.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      11-баптың 9-тармағының қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 18.11.2015 № 410-V Заңының 27-бабынанқараңыз.
      11-бап. Қаржылық бақылау шаралары
      1. Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында осы бапта айқындалған адамдар жеке тұлғалардың мынадай декларацияларын:
      1) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны;
      2) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады.
      2. Активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттар мен олардың жұбайлары (зайыптары) кандидат ретінде тіркелгенге дейін ұсынады.
      3. Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны:
      1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
      2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
      3) лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
      4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынады.
      4. Есепті күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алған жағдайда, осы баптың 3-тармағында аталған адамдар кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді.
      5. Активтері мен міндеттемелері туралы декларация Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша және тәртіппен ұсынылады.
      6. Кірістері мен мүлкі туралы декларация Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.
      7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны немесе кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуы туралы мәлімет салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен орналастырылады.
      8. Мыналардың:
      осы баптың 2-тармағында аталған адамдардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса – тіркеуден бас тарту немесе тіркеу туралы шешімдердің күшін жою үшін негіз болып табылады;
      осы баптың 3-тармағында аталған адамдардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      9. Мыналар:
      1) саяси мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
      2) «А» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен олардың жұбайлары (зайыптары);
      4) Қазақстан Республикасының судьялары мен олардың жұбайлары (зайыптары);
      5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынған, жеке тұлғалардың декларацияларында көрсетілген мәліметтер есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде жариялануға жатады.
      Жариялануға жататын мәліметтер тізбесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурстарында персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) орналастырады.
      10. Осы баптың 7-тармағының және 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларының талаптары мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қолданылмайды.
      11. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептерді мемлекеттік мүлікке қатысты меншік иесі құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.
      12. Мемлекеттік кіріс органдарына келіп түсетін, осы бапта көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңмен қорғалатын құпия болып табылады. Оларды жария ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
      13. Қызметтік және салықтық құпияны құрайтын мәліметтер «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.
      Ескертпелер.
      1. Осы бапта квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар деп – аталған ұйымдарда тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар танылады.
      2. Осы бапта ұйымдық-өкімдік функциялар деп – адамдардың заңнамада және құрылтай құжаттарында көзделген, ұйымның атқарушы органының өкілеттіктерін жүзеге асыру жөніндегі қызметі түсініледі. Осы функцияларға ұжымды жалпы басқару, кадрларды іріктеу мен орналастыру, бағынысты адамдардың еңбегін ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану шараларын қолданудан көрінетін, тәртіпті қолдау жатады.
      3. Осы бапта әкімшілік-шаруашылық функциялар деп – толық материалдық жауаптылық жүктелген адамдардың берілген өкілеттіктер шеңберінде мүлікті, оның ішінде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оған билік ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы түсініледі.
      12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер
      1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:
      1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
      2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
      3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
      2. Жекелеген мемлекеттік функцияларды орындау тәртібін реттейтін заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулерді көздейтін басқа да құқықтық нормалар белгіленуі мүмкін.
      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың келісімін тиісті ұйымдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда тіркейді.
      4. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
      13-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын  қызмет
      1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда), мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды, квазимемлекеттік сектор субъектілерде қызметін жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда), лауазымды адамдарға:
      1) егер шаруашылық етуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, шаруашылық етуші субъектіні басқаруға өз бетінше қатысуға, мүліктік немесе өзге де игіліктер алу мақсатында өздерінің қызметтік өкілеттіктерін құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге;
      2) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемде жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
      3) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға тыйым салынады.
      2. Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйымдарда басқарушылық функцияларын орындайтын адамдар Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін өзге де ұйымдардың басқару органдарында, байқау кеңестерінде, атқарушы органдарында ақы төленетін лауазымды атқаруға құқылы.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдар өздеріне меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйді мүліктік жалдауға (жалға) беруге және осындай тапсырудан кіріс алуға құқылы.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарларына инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымға тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде лауазымға тағайындалғанға дейін сатып алынған, өздеріне тиесілі инвестициялық қорлар пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.
      5. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар лауазымға кіріскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өздеріне тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға әкелетін мүлікті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, осы функцияларды орындау уақытында сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.
      6. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариаттық куәландыруға жатады.
      7. Акцияларды сатып алған жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, сатып алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оларды сенімгерлік басқаруға беруге және жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) шартты нотариат куәландырғаннан кейін он жұмыс күні ішінде мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін ұсынуға міндетті.
      8. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды, квазимемлекеттік сектор субъектілерде қызметін жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда) және лауазымды адамдардың осы баптың 4 және 6-тармақтарында көзделген міндеттемелерді орындамауы, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.01.2016 № 446-VЗаңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14-бап. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе
               жекжаттардың бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол  бермеу
      1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайды.
      2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық байқалған кезден бастап үш ай ішінде оны ерікті түрде жоймаса, осындай бағыныстылықты болғызбайтын лауазымға ауысуға тиіс, ал осындай ауысу мүмкін болмаған кезде осы қызметшілердің біреуі лауазымынан шығарылуға немесе көрсетілген функциялардан өзгедей босатылуға тиіс.
      Ескертпе. Осы Заңда жақын туыстар деп ата-аналар (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырып алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындас-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп – жұбайының (зайыбының) аға-інілері, апа-қарындас-сіңлілері, ата-аналары мен балалары түсініледі.
      15-бап. Мүдделер қақтығысы
      1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынады.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу бойынша шаралар қабылдауға тиіс.
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
      Тікелей басшысы не ұйымның басшылығы осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың өтініштері бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдауға:
      1) осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға;
      2) лауазымдық міндеттерін өзгертуге;
      3) мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар қабылдауға міндетті.
      16-бап. Кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл шаралары
      1. Кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту бойынша:
      1) шешімдер қабылдау рәсімдерінің есептілігін, бақылауда болуын және ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу;
      2) адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау;
      3) мүдделер қақтығыстарын болғызбау;
      4) іскерлік әдеп нормаларын қабылдау және сақтау;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдау;
      6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы шаралар қабылдайды.
      2. Кәсіпкерлік субъектілері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі стандарттарды кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) әзірлеуі және қабылдауы мүмкін.
      17-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық  баяндама
      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама – сыбайлас жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралу жай-күйі мен үрдістерін талдау мен бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру және жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылған құжат.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.
      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жұмысының және мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметінің нәтижелері негізінде қалыптастырылады.
      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасы Президентіне енгізу және жариялау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
   3-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ СУБЪЕКТІЛЕРІ
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
      18-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне:
      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган;
      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері: мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар жатады.
      19-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын жедел-тергеу бөлімшелері.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктерге ие болады.
      20-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
               уәкілетті органның құзыреті
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мынадай функцияларды:
      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілер қабылдауды;
      2) осы Заңға сәйкес, мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауды;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнінде ұсынымдар енгізуді;
      4) Қазақстан Республикасының Президентіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы жыл сайын ұсынуды;
      5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауын мониторингтеуді;
      6) сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша тәркіленген және қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүліктің өткізілуіне мониторингті жүзеге асырып, оны мемлекет кірісіне айналдыру туралы ақпаратты әдетте кейіннен жариялауды;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың оң тәжірибесін зерделеуді және таратуды;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдауды;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу, ақпараттық және түсіндіру қызметі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне жәрдемдесуді және әдістемелік көмек көрсетуді;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды;
      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасауды, өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуды;
      12) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      21-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
               уәкілетті органның өкілеттіктері
      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган өзіне жүктелген функцияларды орындау кезінде:
      1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпарат пен материалдарды сұратады;
      2) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, оларды жою бойынша заңнамалық тәртіппен белгіленген шараларды қабылдайды;
      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу тәртібін айқындайды;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өз өкілеттіктері шегінде:
      1) сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жедел-іздестіру және тергеу қызметінің практикасына, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге талдау жүргізуге;
      2) іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша шақырту бойынша келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелуге;
      3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес, құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қоюға немесе алуды жүргізуге;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға;
      5) мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және оларда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен, мән-жайларды немесе заңды басқа да бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынулар енгізуге;
      6) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға, әкімшілік ұстауды қолдануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген басқа да шараларды қолдануға;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап етуге;
      8) сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіруге, жедел-іздестіру қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындауға, оның тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға;
      9) өзіне жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құруға және пайдалануға, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерттеуді, заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді ұйымдастыруға;
      10) ұстап алынған және күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүруге;
      11) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
      22-бап. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың,
               квазимемлекеттік сектор субъектілері мен сыбайлас
               жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі лауазымды
               адамдардың өкілеттіктері
      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
      2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өзі құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.
      23-бап. Жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылғақатысуы
      Жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мынадай шаралар қолданады:
      1) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлайды;
      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдық басқа да субъектілерімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      5) мемлекеттік органдардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады және алады;
      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша зерттеулер, оның ішінде ғылыми және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді;
      7) бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік маңызды іс-шаралар ұйымдастырады.
      24-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралыхабарлау
      1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам өзі қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабар береді.
      2. Мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарлама бойынша заңға сәйкес шаралар қолдануға міндетті.
      3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.
      Осы тармақтың ережелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпартты хабарлаған адамдарға қолданылмайды, олар заңға сәйкес жауапты болады.
      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады. Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
   4-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ САЛДАРЛАРЫН ЖОЮ
      25-бап. Заңсыз алынған мүлікті немесе заңсыз көрсетілгенқызметтердің құнын өндіріп алу (қайтару)
      1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз алынған көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда, оларды өндіріп алу прокурордың, мемлекеттік кіріс органдарының не осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талап қоюы бойынша, заңды күшіне енген сот шешiмi негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілген органдар сот шешiм шығарғанға дейiн құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкті сақтау жөнінде шаралар қабылдайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларда прокурор, мемлекеттік кіріс органдары не осыған заңмен уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар заңсыз алынған мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру және (немесе) заңсыз алынған көрсетілетін қызметтердің құнын мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы талап қоюымен заңда белгіленген мерзімдерде сотқа жүгінеді.
      3. Егер жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамнан, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамнан және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адамнан және лауазымды адамнан жұмыстан шығару, тиісті функцияларды орындаудан өзгедей босату кезінде заңсыз алынған мүлік немесе заңсыз көрсетілген қызметтің құны өндіріліп алынбаса, осындай босату туралы шешім қабылдайтын лауазымды адам немесе орган кінәлі адамның тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына құқыққа қайшы алынған кірістер туралы хабарлама жібереді.
      4. Тапсырылған мүлікті қайтару, есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      26-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде
               жасалған мәмілелердің, шарттардың, актілердің және әрекеттердің жарамсыздығы
      1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде жасалған мәмілелерді, шарттарды уәкілетті мемлекеттік органдардың, мүдделі тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен сот жарамсыз деп таниды.
      2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде актілерді қабылдау және әрекеттерді жасау тиісті актілердің күшін жоюға (қолданысын тоқтатуға) уәкілеттік берілген адамдардың не мүдделі тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша сот тәртібімен олардың күшін жою (жарамсыз деп тану) үшін негіз болып табылады.
   5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
      27-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
      1. Осы Заң:
      1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 11-бабының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12 және 13-тармақтарын;
      2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 11-бабының 9-тармағын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      2. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 11-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «9. Мыналар:
      1) саяси мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
      2) «А» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен олардың жұбайлары (зайыптары);
      4) Қазақстан Республикасының судьялары мен олардың жұбайлары (зайыптары);
      5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынған жеке тұлғалардың декларацияларында көрсетілген мәліметтер есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде жариялануы мүмкін.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жариялануға жататын мәліметтердің тізбесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурстарында персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) орналастырады.».
      3. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін 11-бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «11-бап. Қаржылық бақылау шаралары
      1. Мемлекеттiк лауазымға не мемлекеттiк немесе оларға теңестiрiлген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына:
      салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегi кірістері мен мүлкi туралы декларацияны, көрсетiлген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып;
      мыналар:
      банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, оның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар жеке немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге құқылы қаржы қаражаты туралы;
       жарғылық капиталына қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банктiк немесе өзге де деректемелерiн көрсете отырып, заңды тұлғалардың акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң қатысуы туралы;
      егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;
      адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi, айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық және қаржы қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелері туралы мәлiметтердi ұсынады.
      2. Мемлекеттiк лауазымдағы адамдар өз өкiлеттiктерiн орындау кезеңiнде жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де кірістері мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.
      3. Мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған адамдар, шығарылғаннан кейiнгi үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де кірістері мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.
      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген адамның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына:
      салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегi кірістері мен мүлкi туралы декларацияны, көрсетiлген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып;
      мыналар:
      банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар жеке немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге құқылы қаржы қаражаты туралы;
      жарғылық капиталына қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банктiк немесе өзге де деректемелерiн көрсете отырып, заңды тұлғалардың акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң қатысуы туралы;
      егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;
      адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi және айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын материалдық және қаржы қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде онымен шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелерi туралы мәлiметтердi ұсынады.
      5. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған адамның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, оның шегінен тыс жердегi де кірістері мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.
      6. Арнаулы мемлекеттiк органдағы қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелерi тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына осы баптың 4-тармағында көрсетiлген декларация мен мәлiметтердi ұсынады.
      Ескертпе. Осы тармақта арнаулы мемлекеттiк органдағы қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелерi деп жұбайы (зайыбы), кәмелетке толған балалары мен оның асырауындағы және онымен тұрақты түрде бiрге тұратын адамдар танылады.
      7. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдар – тиiсiнше өздерi лауазымға орналасуға үмiткер болатын органға не жұмыс орны бойынша органға осы баптың 1 немесе 5-тармақтарында санамаланған декларациялар мен мәлiметтердi мемлекеттiк кiрiс органының алғаны туралы анықтаманы ұсынады.
      8. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдардың (мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған адамдарды қоспағанда) осы бапта санамаланған декларациялар мен мәлiметтердi ұсынбауы немесе толық емес, анық емес декларациялар мен мәлiметтердi ұсынуы, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, адамға тиiстi өкiлеттiктер беруден бас тарту үшiн негiз болып табылады не заңда көзделген тәртiппен тәртiптiк жауаптылыққа әкеп соғады.
      9. Осы баптың 8-тармағында көрсетiлген, қасақана жасалған, сондай-ақ бiрнеше рет жасалған іс-әрекеттер заңда белгiленген тәртiппен қолданылатын әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
      10. Адамдар мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген функцияларды орындаудан босатылғаннан кейiн үш жылдың iшiнде алғаш рет жасалған, осы баптың 8-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер, сондай-ақ мұндай әрекеттердi қайталап жасау заңда белгiленген әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
      11. Жауапты мемлекеттiк лауазымдар атқаратын лауазымды адамдардың кірістерінің мөлшерi және көздерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ сайланбалы мемлекеттiк лауазымға ұсынылған кезiнде кандидаттардың кірістері туралы мәлiметтер заңнамада белгiленген тәртiппен жариялануы мүмкiн.
      12. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға және оларға теңестiрiлген адамдарға өз атынан емес бөгде адамдар атынан, жасырын, бүркеншiк атпен және басқаша да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға тыйым салынады. Бұл мәмiлелер заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылады.
      13. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мерзiмде, мемлекеттiк меншiкке байланысты мүлiктiк сипаттағы барлық мәмiлелер мен қаржы қызметi туралы есептi мемлекеттiк мүлiкке қатысты меншiк иесi құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органға ұсынады.
      14. Мемлекеттiк кiрiс органына келiп түсетiн, осы бапта көзделген мәлiметтер қызметтiк құпияны құрайды. Оларды жария ету, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, кiнәлi адамды жұмыстан шығаруға әкеп соғады. Бұл мәліметтер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің сұрау салуы бойынша, сондай-ақ заңда белгіленген сот тәртібімен ғана ұсынылады.
      Қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген мақсаттарда және тәртiппен қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер ұсынылады.
      15. Осы бапта көзделген қаржылық бақылау шаралары Қазақстан Республикасында тұрғын үйдi және тұрғын үй салу үшiн құрылыс материалдарын меншiкке сатып алуға байланысты құқықтық қатынастарға қолданылмайды. Тұрғын үйдi және тұрғын үй салу үшiн құрылыс материалдарын сатып алу кезiндегi қаржылық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
      4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Категория: , Мерекелік іс-шаралар

 

Қазақстан Республикасы "Педагог мәртебесі" туралы заң

Автор: admin от 23-09-2022, 16:06, посмотрело: 135

0

Педагог мәртебесі туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам;
      2) педагогтік әдеп – педагогтердің Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген мінез-құлық нормалары;
      3) педагогтік әдеп жөніндегі кеңес – білім беру ұйымында құрылатын, педагогтердің педагогтік әдепті сақтау мәселелерін қарайтын алқалы орган;
      4) тәлімгерлік – педагогтің орта білім беру ұйымында педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен адамға кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету жөніндегі қызметі.
2-бап. Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
      Осы Заңның күші мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге қолданылады.
      Әскери оқу орындарының педагогтеріне осы Заңның күші "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктермен қолданылады.
4-бап. Педагог мәртебесі
      1. Қазақстан Республикасында педагогтің ерекше мәртебесі танылады, бұл оның кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді.
      2. Білім беру саласында кәсіптік қызметін жүзеге асырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті ұйыммен еңбек қатынастарында болған кезеңде адам педагог мәртебесіне ие болады.
      3. Педагог лауазымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
5-бап. Педагогтік әдеп
      1. Педагогтік әдеп заңдылық, адалдық, жауапкершілік, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарына негізделеді.
      2. Педагогтік әдепті бұзу тәртіптік теріс қылық болып табылады және педагогті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жауаптылыққа алып келеді.
      3. Педагогтік әдепті білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
6-бап. Педагогтің кәсіптік қызметін қамтамасыз ету
      1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші педагогке ол кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз етеді.
      2. Педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
      2) одан Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыруға;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулер жүргізуге;
      4) оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді.
      3. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін олар кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тартуға жол берілмейді.
7-бап. Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары
      1. Кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде педагогтің:
      1) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;
      2) лауазымды адамдар және басқа да тұлғалар тарапынан заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғалуға;
      3) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан кәсібіне құрметпен қаралуына және тиісінше мінез-құлық көрсетілуіне;
      4) кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуге және қажетті жағдайлардың жасалуына;
      5) ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
      6) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде шығармашылық бастамаға, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеуге және қолдануға, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген әдістерін дамытуға және таратуға;
      7) білім беру бағдарламасына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің оқу құралдарын, материалдарын және өзге де құралдарын таңдауға;
      8) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, білім беру қызметінің әдістемелік материалдары мен өзге де құрауыштарын, сондай-ақ оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдарын әзірлеуге қатысуға;
      9) жұмыс орны бойынша сайланбалы лауазымға сайлануға және оны атқаруға;
      10) білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған, оның ішінде білім беру ұйымының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға;
      11) білім беру ұйымын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
      12) үш жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруға;
      13) үздіксіз кәсіптік дамуға және біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға;
      14) біліктілік санатының мерзімінен бұрын берілуіне;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке педагогтік қызметке;
      16) кәсіптік қызметіндегі табыстары үшін көтермеленуге;
      17) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға;
      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда кәсіптік дағдыларын сақтап-тұру және арттыру үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтуге;
      19) өзіне қатысты қабылданатын ұйым басшысының актілеріне, әрекеттеріне және шешімдеріне жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағым жасауға;
      20) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне құқығы;
      21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
      2. Педагогтің осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтарын жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс.
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-бап. Педагогтің материалдық қамтамасыз етілу құқығы
      1. Мемлекеттік ұйымдарда кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке еңбегіне ақы төлеу жүйесі, лауазымдық айлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
      Жекеменшік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеуді олардың құрылтайшылары немесе соған уәкілеттік берілген адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.
      2. Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді.
      3. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу үшін бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі:
      1) 16 сағат – орта білім беру ұйымдары үшін;
      2) 18 сағат:
      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін;
      мамандандырылған және арнаулы білім беру ұйымдары үшін;
      3) 24 сағат:
      мектепке дейінгі ұйымдар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мектепалды топтары, білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптары үшін;
      балалар мен жасөспірімдердің спорттық білім беру ұйымдары үшін;
      4) 30 сағат – интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерінің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жатақханаларының тәрбиешілері үшін;
      5) 25 сағат – арнайы білім беру ұйымдарының және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиешілері үшін белгіленеді.
      4. Мемлекеттік ұйымдардың педагогіне негізгі жұмыс орны бойынша:
      философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде;
      ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде, ғылым докторы ғылыми дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде;
      сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізу үшін – базалық лауазымдық айлықақысының жүз пайызы мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.
      5. Мемлекеттік орта білім беру ұйымында, сондай-ақ әдістемелік кабинетте кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке негізгі жұмыс орны бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.
      6. Жергілікті атқарушы органдар педагогтерге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 300 еселенген мөлшерінде сыйақы түрінде қосымша ынталандыру төлемдерін белгілеуге құқылы.
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-бап. Педагогтің көтермеленуге құқығы
      1. Адал еңбегі және өзінің кәсіптік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін педагогке Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ ұйымның ішкі тәртіп қағидаларында көзделген көтермелеулер қолданылады.
      2. Педагогтің аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін оған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік наградалар, оның ішінде "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы беріледі.
      "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағына ие болған педагог республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде біржолғы төлем алады.
      3. Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасындағы халықаралық олимпиадалардың, конкурстардың және спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған педагогке тиісті мемлекеттік білім беру ұйымының қызметі бойынша үнемдеу есебінен үш лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді.
      Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған педагог "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленеді.
      4. Жергілікті атқарушы органдар біржолғы сыйақы төлей отырып немесе онсыз, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарды тағайындау және ынталандырудың өзге де нысандары арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелік күндерге орай педагогтерді көтермелеудің қосымша шараларын белгілеуге құқылы.
      Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасын, оларды беру тәртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерін жергілікті атқарушы орган айқындайды.
      5. Жыл сайын республикалық бюджет қаражаты есебінен "Үздік педагог" атағын иеленушіге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен сыйақы төленеді.
      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-бап. Педагогтік қайта даярлау
      1. Педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында педагогтік қайта даярлаудан өтеді.
      2. Педагогтік қайта даярлау тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      3. Осы баптың нормалары қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдарға қолданылмайды.
11-бап. Педагогтің кәсіптік қызметімен айналысуға қол жеткізуді шектеу
      Педагогтің кәсіптік қызметіне:
      1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
      3) медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған;
      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ адамдар;
      5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулер негізінде жіберілмейді.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12-бап. Әлеуметтік кепілдіктер
      1. Педагогтерге:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғынжайға, оның ішінде қызметтік тұрғынжайға және (немесе) жатақханаға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне кепілдік беріледі.
      Ауылдық елді мекендерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басымдық тәртіппен жүзеге асырылады;
      3) ұзақтығы күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына;
      4) өздеріне кезекті еңбек демалысы берілген кезде күнтізбелік жылда бір рет кемінде бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақыға кепілдік беріледі.
      2. Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктері білім беру саласындағы уәкілетті орган тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша бекітетін қағидаларда айқындалады.
      3. Педагогтердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдардан орындарды жергілікті атқарушы органдар бірінші кезектегі тәртіппен береді.
      4. Педагог Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз ететін әлеуметтік кепілдіктерді иеленеді.
      5. Ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке:
      1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес пайызға арттырылып белгіленеді;
      2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
      6. Ауылдық елді мекендерге кәсіптік қызметін жүзеге асыру және тұру үшін келген педагогке жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
      7. Жергілікті атқарушы органдар педагогке тұрғынжайды жалдау (жалға алу) үшін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге өтемақы төлемдерін, санаторийлік-курорттық емделуге және демалуға жолдама сатып алу үшін толық немесе ішінара төлемдер, сондай-ақ педагогті әлеуметтік қолдауға бағытталған өзге де жеңілдіктер белгілеуге құқылы.
13-бап. Тәлімгерлік
      1. Орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен педагогке бір оқу жылы кезеңіне тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагог бекітіліп беріледі.
      Тәлімгерлікті жүзеге асырғаны үшін педагогке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша ақы төленеді.
      2. Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібін және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
14-бап. Педагогтерді аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау)
      Педагогтер аттестаттаудан өтеді, соның нәтижелері бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен біліктілік санаттары беріледі (расталады).
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.03.2021 № 24-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15-бап. Педагогтің міндеттері
      1. Педагог:
      1) өз қызметінде тиісті кәсіптік құзыреттерді меңгеруге;
      2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогтік қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге;
      3) өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға);
      4) педагогтік әдепті сақтауға;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден өтуге;
      6) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
      7) балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;
      8) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға;
      9) білім беру ұйымының басшылығына өмірлік қиын жағдайда жүрген баланың анықталу фактілері туралы дереу хабарлауға;
      10) құқық қорғау органдарына және білім беру ұйымының басшылығына қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға;
      11) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне консультация беруге міндетті.
      2. Педагог білім беру процесін саяси үгіттеу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де сенім-нанымдарды қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүрлеу үшін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілік белгісі, дінге көзқарасы бойынша азаматтардың ерекшелігін, астамшылығын не кемшіндігін насихаттайтын, оның ішінде білім алушыларға Қазақстан Республикасының ұлттары мен ұлыстарының тарихи, ұлттық, діни және мәдени дәстүрлері туралы анық емес мәліметтерді хабарлау арқылы үгіттеу үшін, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануға құқылы емес.
16-бап. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес
      1. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің қызметі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары негізінде білім беру ұйымы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      2. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
      Педагогті тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы ескеріле отырып, білім беру ұйымы басшысының актісімен қабылданады.
      3. Педагогтік әдепті сақтау туралы мәселе қаралған кезде педагогтің:
      1) қаралып отырған мәселе туралы ақпаратты жазбаша түрде алуға;
      2) қаралып отырған мәселе бойынша барлық материалдармен танысуға;
      3) өз құқықтары мен заңды мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке өзі немесе өкілі арқылы заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;
      4) шешімді жазбаша түрде алуға;
      5) қабылданған шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
      4. Педагогке қатысты талқылаулар және олардың негізінде қабылданған шешімдер оның келісімімен ғана жариялануы мүмкін.
17-бап. Педагогті кәсіптік даярлау
      1. Педагогті кәсіптік даярлау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
      2. Педагогтерді кәсіптік даярлаудың білім беру бағдарламалары педагогтің кәсіптік стандартының талаптары негізінде әзірленеді.
18-бап. Педагогтің біліктілігін арттыру
      1. Педагог бұрын алған кәсіптік құзыреттерін сақтап-тұру және дамыту мақсатында біліктілігін арттыру курстарынан өтеді, олардан өту тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      2. Педагогтің біліктілігін арттыру мақсатында қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту бір жолы немесе кезең-кезеңмен жекелеген бағыттар мен пәндерді (модульдерді) меңгеру арқылы, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту жолымен жүзеге асырылады.
      3. Педагогтер алған білімін практикада іске асыруы үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізетін ұйымдар білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен педагогтер қызметін курстан кейінгі қолдауды тегін жүзеге асырады.
19-бап. Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
      Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
20-бап. Өтпелі ережелер
      Осы Заңның 8-бабы 3-тармағы 2) тармақшасы екінші абзацының қолданысы 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      "орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін;".
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
      Осы Заң, 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Президенті
      Қ. ТОҚАЕВ

Категория:

 

Мемлекеттік қызметтер

Автор: admin от 23-09-2022, 16:01, посмотрело: 100

0

Мемлекеттік қызметтер

 

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметті көрсету стандарты
1Көрсетілетін қызметті берушінің атауыБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
2Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері1) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
3Мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміКөрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы жүгінген сәтінен бастап – қолхат алу үшін бір жұмыс күні;
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына қабылдау үшін:
сырттай және кешкі оқу нысанына – 30 тамыздан кешіктірмей;
1-сыныпқа – 1 сәуірден 1 тамыз аралығында.
4Мемлекеттік қызметті көрсету нысаныЭлектронды / қағаз түрінде
5Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелеріҚұжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және осы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығару Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді.
Көрсетілетін қызметті беруші қабылдау барысында ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап өз аумағынан өтініш берген үш көрсетілетін қызметті алушыға, содан кейін - басқа аумақтан  алдыңғы тіркелгендер қатарынан 1 (бір) үміткерге ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап   қабылданғаны туралы хабарлама жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, дәлелді жауап жолдайды.
Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді.
6Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріТегін
7Жұмыс кестесі1) көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.
8Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесікөрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі),
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама («Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) және «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген));
4) баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi;
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін заңды өкілдерінің келісімі болған жағдайда педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы қосымша беріледі.
Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;
5) оралман – оралман куәлігі.
Порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) денсаулық жағдайы туралы анықтамаларының («Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) және «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген)) электрондық нұсқасы;
4) баланың 3х4 см өлшеміндегі сандық фотосуретi.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігі, мекенжай анықтамасы туралы мәліметтерді «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушының порталы арқылы жүгінген кезде «жеке кабинетіне» ЭЦҚ-мен расталған электронды құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұратудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
9Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуы
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 546 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17553 тіркелген) Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) сынып-жинақталымының шамадан тыс толуы.
10Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптарыҚұжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 (жиырма) минут.
Қызмет көрсетудің ең ұзақ мерзімі 15 минуттан аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ата-анасының (заңды өкілдерінің) ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы, және бірыңғай байланыс-орталығы (1414), 8-800-080-7777 арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызмет алу шарттары:
Порталдағы «жеке кабинеттен» ақпарат сұралатын тұлғаның келісімімен, үшінші тұлғалардың электрондық сұранысы.
 
 
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандарты
1Көрсетілетін қызметті берушінің атауы«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары
2Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжеткізуарналары)- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары;
- «электронды үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz;
3Мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміҚызмет көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні;
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 ( он бес) минуттан аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 ( он бес) минуттан аспайды.
4Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаныЭлектрондық (ішінара автоматтандырылған)
Қағаз түрінде
5Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіМемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда);
2) үйде жеке тегін оқыту туралы бұйрық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде ұсынылады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жолданады және сақталады.
6Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріМемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
7Жұмыс кестесіҚызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады.
Алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы заңының 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы;
2) www.egov.kz.
8Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіКөрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.
9Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздерКөрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.
10Мемлекеттік қызметті, оның ішінд еэлектрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптарКөрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуғамүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Порталдағы «жеке кабинеттен» ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
 
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруді көрсетілетін қызметті беруші, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы жүзеге асырады
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қызмет көрсету мерзімі- 30 (отыз) минут (құжаттарды ағымдағы жылғы тамыз айының 1-нен бастап қазан айының 1-не дейін жыл сайын қабылданады).
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде
5
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына қосымша білім беруге оқуға қабылданады немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандартының 9 - тармағымен қарастырылған дәлелді жауап беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсету нысаны қағаз немесе электрондық нұсқада беріледі.
6
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушы тарапынан төленетін төлемақы көлемі және Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған жағдайларда төлем жасау тәсілдері
Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңында көзделген білім алушылардың санаттарына жеңілдікпен тегін немесе ақылы көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына: 1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
 2) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар; 3) көп балалы отбасылардың балалары; 4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы балалар; 5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар; 6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар; 7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері; 8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар; 9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар; 10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар. Мемлекеттік қызметтің құнын «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші айқындайды және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет - ресурстарында орналастырылады.
7
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қабылдайды.
Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру мемлекеттік қызмет көрсету сағат 13.00 - ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін жүргізіледі.
2) Мемлекеттік корпорация: еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібінде, тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмаған, жедел қызмет көрсетусіз, мүмкін «брондауға» портал арқылы электрондық кезек;
3) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстары жүргізілетін техникалық үзілістерді ескермегенде (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күнінің соңында, Қаазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда).
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетілетін мекен-жайлары www.nis.edu.kz интернет ресурсында, сондай-ақ, Министрліктің www.edu.gov.kz интернет ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлігінде орналастырылған.
8
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
1) ата-анасының біреуінің (немесе басқа заңды тұлғаның) еркін түрде жазылған өтініші;
2) баланы тұлғасын куәландыратын құжат;
3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/е нысаны бойынша Медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);
Порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе басқа заңды өкілінің) біреуінің атынан оның ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түрінде жергілікті тұратын мекен-жайы көрсетілген өтініш.
9
ҚазақстанРеспубликасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуына негізболатын жағдайлар
1) көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
3) конкурстық іріктеуге қатысу өтінішін белгіленген мерзімнен кеш тапсырған жағдайда.
10
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзгеде талаптар
Организм функциялары бұзылып, оның тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға және тергеу қамаудағы тұлғаларға және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға қажет болған жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне, болатын жеріне барып және бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну арқылы қағаз жеткізгішін толтыра отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ пайдалану мүмкіндігі портал арқылы электрондық сұрау салу арқылы мемлекеттік қызметті алу кезінде қаралады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі мәселелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметінің байланыс телефондары www.nis.edu.kz интернет-ресурсында көрсетілген, бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 77777.
 
 
 

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауыНұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдеріӨтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) білім беру ұйымдары;
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде - 5 (бес) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 30 минут.

4

Көрсету нысаныЭлектрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіЖалпы білім беретін мектепте тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдеріТегін

7

Жұмыс кестесі1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

8

Құжаттардың тізбесікөрсетілетін қызметті берушіге:
1) өтініш;
2) ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
4) АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
5) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган айқындайды.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір рет пайдаланатын құпиясөзбен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
4) мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган айқындайды.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптарКөрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
 

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсететін қызметті берушінің кеңсесі (Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызына ие аудандық және қалалық жергілікті атқарушы органдар);
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
 
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – бес жұмыс күні.
 
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
3) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
4) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
6) алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар үшін балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
7) отбасында тәрбиеленетін жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық (қорғаншылық) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
8) отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың көшірмесі
 
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
4) отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың электронды көшірмесі;
5) алған табысы туралы құжаттың электронды көшірмесі (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы туралы анықтама).

 
2-қосымша
«Жалпы білім беретін мектептердегі 
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің 
жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген
тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына    
Астана және Алматы қалаларының,
облыстық маңызына ие аудандық
және қалалық жергілікті атқарушы
органның басшысына
_________________________________
_________________________________
(білім беру органының атауы)
(_________ облысы, _______ ауданы)
________________________________
(басшының Т.А.Ә. (бар болғанда))
________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар
болғанда) және жеке сәйкестендіру
нөмері) мына мекенжайы бойынша
тұратын:
_________________________________
(елді мекен атауы, тұрғылықты
мекенжайы, телефоны)
 
Өтініш
Менің кәмелет жасқа толмаған (Т.А.Ә. (бар болғанда) туған күні және жеке сәйкестендіру нөмері) (мектеп № және сынып литерін көрсету) оқитын баламды (оқу жылын көрсету) тегін тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне қосуды сұраймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін
«___» _____________20__ жыл          қолы
 

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің 
2015 жылғы 13 сәуірдегі  
№ 198 бұйрығына    
14-қосымша      

 

«Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауыНұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдеріӨтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) білім беру ұйымдары;
4) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – 5 (бес) жұмыс күні.
2) көрсетілетін қызметті берушіде немесе Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.

4

Көрсету нысаныЭлектрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіҚала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдеріТегін

7

Жұмыс кестесі1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда: еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша немесе қамқорлыққа мұқтаж кәмелетке толмаған баланың тіркелген жері бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады;
3) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

8

Құжаттардың тізбесіКөрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігі;
4) АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі - № 907 бұйрық) (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес сауықтыру лагерiне баратын мектеп оқушысына медициналық анықтама;
6) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган айқындайды.
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір рет пайдаланатын құпиясөзбен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
3) АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
4) № 907 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес сауықтыру лагерiне баратын мектеп оқушысына медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
5) мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган айқындайды.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптарКөрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
1. Жалпы ережелер
      1. «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандар мен қалалардың білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: жолдама беру бойынша – он бес жұмыс күні; 
      2) көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут; 
      3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут. 
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз жүзінде. 
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама. 
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны - қағаз түрінде 
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін және ақылы түрде көрсетіледі. 
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші айқындайды және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады. 
      Мемлекеттік қызмет: 
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; 
      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға; 
      3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға; 
      4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға; 
      5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына тегін түрде көрсетіледі. 
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін. 
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала жазу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған. 
      9. Көрсетілетін қызмет алушының көрсетілетін қызметті берушінің жүгінген кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 
      1) өтініш; 
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); 
      3) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмелері (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); 
      4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан мемлекеттік қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама; 
      5) табысы туралы мәлімет (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы адамдардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылар табыстары) 
      6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі. 
      7) отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау негізінде, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттар негізінде қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуға тегін жодама беру туралы білім беру ұйымдары алқалы басқару органдарының шешімінің көшірмесі; 
      9) даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультациялардың медициналық қорытындысының көшірмелері; 
      10) көрсетілетін қызметті алушының флюросуретімен қоса денсаулық жағдайы туралы (медициналық паспорты) анықтама (болған жағдайда). 
      Көрсетілетін қызметтті беруші құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға: 
      1) сұранымды қабылдау нөмірі және күні; 
      2) сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі; 
      3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары; 
      4) құжаттардың беру күні (уақыты) және орны; 
      5) өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда); 
      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді
3. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не осы мемлекеттік қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – әкімдік) басшысының атына беріледі. 
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. 
      Жеке тұлғаның шағымында аты, жөні, тегі, пошта мекен-жайы, байланыс телефоны көрсетіледі. 
      Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) тіркелуі болып табылады. 
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңесесінде қолма-қол беріледі. 
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады. 
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
      Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады. 
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан 
      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.bala-kkk.kz. интернет-ресурсында орналастырылған. мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының «1414».
 

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2015 жылғы 8 сәуірдегі    
№ 179 бұйрығына       
1-қосымша         

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы
білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
 
 

«Негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да экс­тер­нат ны­са­нын­да оқу­ға рұқ­сат бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты

1Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уыНұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты, Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі - көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­ріӨті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру www.egov.kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі - пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­міҚыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі- 10 жұ­мыс кү­ні.
4Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ныэлек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің нәти­же­сіҚа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да экс­тер­нат ны­са­нын­да оқы­ту­ға рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­тың кө­шір­ме­сі бо­лып та­бы­ла­ды неме­се осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар негі­зін­де өті­ніш­ті одан әрі қа­ра­удан дәлел­ді бас тар­ту бо­лып та­бы­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­ды.
6Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­ріТе­гін
7Жұ­мыс кесте­сі1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін 13.00-ден 14.30-дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес;
2) пор­тал - жөн­деу жұ­мыста­ры­ның жүр­гі­зі­лу­іне бай­ла­ны­сты болған тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін­де жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) пор­тал­да www.egov.kz.
8Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы қой­ы­л­ған элек­трон­дық сұ­ра­ту ны­са­нын­да­ғы өті­ні­ші;
2) ден­са­улы­ғы­на бай­ла­ны­сты бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на ба­ра ал­май­тын бі­лім алушы­лар үшін – «Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма­сы­ның ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2010 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы № 907 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 6697 бо­лып тір­кел­ген) 035-1/у ны­са­нын­да дә­рі­гер­лік-кон­суль­та­тив­тік ко­мис­си­я­ның элек­трон­ды қо­ры­тындысы;
3) бар­лық бі­лім алу ке­зе­ңі ара­лы­ғын­да оқы­ты­л­ған пән­дер бой­ын­ша «4» және «5» де­ген ба­ға­лар ал­ған бі­лім алушы­лар­ға - элек­трон­ды үл­ге­рім та­бе­лі;
4) бі­лім алушы ата-ана­сы­мен неме­се олар­ды ал­ма­сты­ра­тын адам­дар­мен бір­ге ше­тел­ге көш­кен жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ата-ана­сы­ның неме­се олар­ды ал­ма­сты­ра­тын адам­дар­дың уа­қыт­ша ше­тел­де тұ­ра­тынды­ғы ту­ра­лы элек­трон­ды анық­та­ма­сы;
5) бі­лім алушы ше­тел­ге ата-ана­сы­ның неме­се олар­ды ал­ма­сты­ра­тын адам­дар­дың же­те­гін­сіз шы­ға­тын бол­са, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ше­тел­де оқи­тынды­ғын рас­тай­тын элек­трон­ды құ­жа­ты.
9Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат­тар па­ке­тін то­лық ұсын­ба­уы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат­та­ры­ның дұ­рыс еме­сті­гі анық­тал­ған­да.
10Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тарКөр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның анық­та­ма­лық қыз­ме­ті, Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.edu.gov.kz ин­тер­нет-ре­сур­сы­ның «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет» бө­лі­мін­де, 8-800-080-7777, 1414 бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
 

«Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1Көрсетілетін қызметті берушінің атауыБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал);
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
3Мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміҚызмет көрсету мерзімі – 30 минут.
4Мемлекеттік қызмет көрсету нысаныЭлектронды / қағаз түрінде.
5Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіОсы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір орта білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыруға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында бас тарту себептерін көрсете отырып, білім беру ұйымына қабылданғаны туралы немесе дәлелді бас тарту туралы хабарлама келеді.
Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.
6Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріТегін
7Жұмыс уақыты1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілген қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Кодекске сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған
8Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі- көрсетілетін қызметті беруші үшін;
1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымы басшысының атына өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат, (біріздендіру үшін);
3) есептен шығару талоны.
- портал арқылы:
1) өтініш, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталған осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
2) есептен шығару талонының электрондық нұсқасы.
9Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер1) мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса;
2) көрсетілген қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №546 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 тіркелген) бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
- сынып-жинақталымының шамадын тыс толуы.
10Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар1) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут.
2) қызмет көрсетудің ең ұзақ мерзімі 30 минуттан аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.


 

 

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1Көрсетілетін қызметті берушінің атауыОблыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
2Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
3Мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміМемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде-20 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға – 3 (үш) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес, Мемлекеттік корпорацияға – 7 (жеті) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
2) мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут
4Мемлекеттік қызметті көрсету нысаныҚағаз түрінде
5Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіосы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) үшін өтінішті қабылдау туралы қолхат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Өтініш берушінің (өкілдің) өтініші болмауына байланысты мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде мемлекеттік корпорацияда сақталады, осы мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң өтініш берген кезде талап етілмеген ретінде көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
6Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріжеке тұлғаларға тегін
7Жұмыс кестесі1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті берушіде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
8Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесікөрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады);
3) білімі туралы диплом;
4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;
6) біліктілік санатын беру туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар тұлғалар үшін);
7) Білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;
8) ұлттық біліктілік тестілеуді өткізуге жауапты білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымы қызметкерінің қолымен бекітілген және мөрімен куәландырылған ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама;
9) білім алушылардың/тәрбиеленушілердің (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін, ПМПК педагогтерін қоспағанда) жетістіктерін растайтын құжаттар);
10) кәсіби жетістіктерді және тәжірибені қорытуды растайтын құжаттар;
11) оқуды/сабақтарды бақылау парақтары (ПМПК педагогтерінен басқа);
3)-11)-тармақтарда санамаланған құжаттар түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Қосымша келесі құжаттар ұсынылады:
Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін – жарияланымдарды, жобаларға қатысуын, инновациялық, эксперименттік қызметті растайтын құжаттар, әзірленген әдістемелік материалдар;
Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін - білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған оқу жетістіктерін сырттай бағалау және (немесе) ағымдағы және (немесе) қорытынды аттестаттау нәтижелерін қамтитын біліктілік санаттарын беру арасындағы кезеңдегі білім алушылардың білім сапасының көрсеткіштері;
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері үшін-білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған шеберлік пен дағдылардың қалыптасу көрсеткіштері;
Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін – білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таңдаған білім беру бағдарламасын меңгеру көрсеткіштері;
Арнайы білім беру ұйымдарының, білім беру ұйымдарындағы арнайы сыныптардың (топтардың) педагогтері үшін (ПМПК педагогтерінен басқа) – жеке дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша маман қызметінің нәтижелілік көрсеткіштері;
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
9Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздерКөрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) ұсынылған материалдар, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтер талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды берген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
10Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптарОрганизм функциялары тұрақты бұзылып, оның тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері бірыңғай байланыс орталығы 1414; 8 800 080 7777 арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz ескерту.
 
«Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын орналастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1Көрсетілетін қызметті берушінің атауыМемлекеттік қызметті облыстардың, қалалардың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдеріМемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
3Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдеріМемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға – 2 (екі) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті беруші орналаспаған жер бойынша Мемлекеттік корпорацияға – 7 (жеті) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
2) көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут
4Мемлекеттік қызмет көрсету нысанықағаз жүзінде
5Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіОсы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
6Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерітегін
7Жұмыс кестесі:1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушіде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
8Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіКөрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты мен ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары (болған жағдайда) туралы материалдарды ұсынады.
3), 4), 7), 8) 9), 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну, егер көрсетілетін қызметті берушінің оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігі болса, талап етілмейді.
3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.
Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерін пайдалануға келісімін алады.
9Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздерКөрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі белгіленген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
10Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптарТіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 77777 телефондары арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары мен орындары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;
2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz. орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.

Категория:

 

тарих пәнінің мұғалімі Нұрлыбайұлы Сәрсенбай

Автор: admin от 23-09-2022, 15:25, посмотрело: 300

0
    

Категория:

 
 
www.google.comyandex.ru