» Материалы за Май 2017 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Бала бақша туралы

Автор: admin от 11-05-2017, 08:47, посмотрело: 447

0 Бала бақша

Изменил: admin

Категория:

 

7-мамыр отан қорғаушылар, 9-мамыр ұлы жеңіске 72 жыл

Автор: admin от 6-05-2017, 18:20, посмотрело: 1110

2
7-мамыр отан қорғаушылар,
 
 
9-мамыр ұлы  жеңіске 72 жыл
 
 
 



Категория:

 

1-мамыр ынтымақ күні

Автор: admin от 1-05-2017, 18:12, посмотрело: 1133

2
1-мамыр ынтымақ күніне орай мектебімізде салтанатты
 
жиналыспен қатар, концерттік бағдарламалар болып өтті.
 
 
 

 


Бекітемін:

Мектеп директоры: Момбеков Б

28.04.2017ж

1-Мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күніне байланысты салтанатты жиналыстың

іс-шара жоспары

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты адам

1

1-Мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күніне байланысты салтанатты жиналысты өткізуге іс -шара жоспарын жасау

 

26.05.2017ж

Меллатұлы М

2

Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай сынып жетекшілерінің оқушыларды мерекеге дайындауын қадағалау, концерттік бағдарламаларын дайындау

 

26-29.05.2017ж

Пед. Ұйымдастырушы

Сынып жетекшілер

 

5

Мектептің алдын әсемдеу, мерекеге дайындық

 

29.05.2017ж

Мектеп ұжымы

Пед. Ұйымдастырушы

Ұйым мүшелері

6

Мерекеге байлансты дәстүрлі ойындар, спорттық шаралар өткізу

 

01.05.2017ж

Алпсыбаев Б

Дене пән мұғалімдері

7

Іс-шараны қорытындылау

 

02.05.2017ж

Пед. ұйымдастырушы

1.Салтанатты жиынды ашық деп жариялау

 

2.Баяндама: Сисенова Л

 

3.Құттықтау сөз:

Мектеп директоры: Момбеков Б

Мектеп мұғалімі: Төлбаев Қ

Мектеп мұғалімі: Мырзаханов Б

Мектеп мұғалімі: Оразымбетвоа Г

 

4.Салтанатты жиынды жабық деп жариялау

1-Мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күніне байланысты салтанатты жиналыстың сценарийі

1-жүргізуші: 1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

2 – жүргізуші: Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ халқы.

1 – жүргізуші: Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз.

2 – жүргізуші:

Ағайын - туған - бар адам.

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық! - дей келе әр сынып оқушыларының бірлік күніне арналған өнрелерін қарсы алыңыздар!

Концерттік бағдарламалар:

1 – жүргізуші: Бүл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.

6- сынып оқушыларының бағдарламалары:

 

2 – жүргізуші: Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ - бір туған», «Өзбек - өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т. б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.

7- сынып оқушыларының бағдарламалары:

 

 

2 – жүргізуші: Көрініс: «Бірлік»

Автор: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады.
Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.

8- сынып оқушыларының бағдарламалары:

 

2 – жүргізуші: Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә! Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?
Оқушы: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе тыныштық, бірлік.
Оқушы: Әрине, халқымыз ең әуелі тыныштықты қалайды.

1 – жүргізуші:
Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?
Оқушы: Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол. Елдегі тыныштықты халық «береке - бейбітшілік» дейді.

2 – жүргізуші:

Бейбітшілік құсы, ақ көгершін.
Биік ұшып, самғасын.
Тілегімді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын. - дей келе «Ақ көгершін» әніне кезек берейік.

8- сынып оқушыларының бағдарламалары:

 

1 – жүргізуші:

Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдансын.

2 – жүргізуші:

9- сынып оқушыларының бағдарламалары:

 

1 – жүргізуші:
Достық, ынтымақ туралы даналық сөздер
1 - оқушы: Ынтымақ - достықтың бірлігі.
2 - оқушы: Ырыс алды - ынтымақ.
3 - оқушы: Достық күші - бірлікте.
4 - оқушы: Достық түбі - береке, береке түбі - мереке.
5 - оқушы: Ел бірлігі - ел теңдігі.
6 - оқушы: Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.

2 – жүргізуші: Жүргізушінің қорытынды сөзі: 1 - мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.

1 – жүргізуші: «Татулық достық киелі бесігі» атты мерекелік іс - шарамыз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар!

 


Категория:

 
 
www.google.comyandex.ru