Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қамқоршылық кеңес

Автор: admin от 8-01-2018, 01:08, посмотрело: 532

1

Хаттама № 2

«Айтжан Түркебаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қамқоршылық кеңес отырысы

12 желтоқсан 2017 жыл

Қатысқан - Қамқоршылық кеңесінің құрамы

1.Б. Момбеков– Қамқоршылық кеңестің төрағасы

2.А.Айтқұлов - Қамқоршылық кеңесінің орынбасары

3.С.Қазақбаева –хатшысы

4.Г.Оразымбетова –мүшесі

5.Г.Сарсенбаева –мүшесі

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ

1.Мектептің Қамқоршылық кеңестің атқарылған жұқмысының есебі.

Қамқоршылық кеңес төрағасы Б.Момбеков

ТЫҢДАЛДЫ

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектебіміздің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б.Момбеков сөз алды.Іс шара жоспары бойынша мектепте панасыз, тұлдыржетім, жартылай жетім, толық емес, аз қамтылған, көп балалы отбасы балалардың толық есебі алынды. Мектебімізде жартылай жетім - 14 ,толық емес отбасы - 8 , аз қамтылған отбасы- 5, көп балалы отбасы - 13 . Барлығы - 40 балалар бар екені анықталды. Осы аталған оқушылардың арасында материалдық көмек көрсету үшін сынып жетікшілер үйлерін аралап, зерттеу жұмысын жүргізді. «Мектепке жол акциясы» бойынша 40 мың теңгеге оқушыларға мектеп формасы, оқу – жазу құралдарымен қамтамасыз етілді. Міндетті оқу қоры есебінен жетім, аз қамтылған,көп балалы отбасынан 20 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Жаңа жыл мерекесінде ата – аналар демеушілігімен конфеттер, сыйлықтар ұйымдастырылды. 1 - 11 сынып аралығында «Патриоттық ән» байқауы ұйымдастырылды, спорттық жарыстардан волейбол, мини футбол ұйымдастырылды. Қамқоршылық кеңес осы уақыт ішінде мектеп пен кеңес мүшелері тығыз байланыста болып, біршама жұмыстар атқарылғаны туралы айтып өтті.

 

ҚАУЛЫ:

1.2017 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың есебі қанағаттанарлық деп табылсын

2.2017 -2018 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары іске асырылсын.

3.«Мектеп және отбасы» байланысы арқылы одан әрі жұмыс нығайтылсын.

 

 

 

 

Төраға: Б.Момбеков

Хатшысы: С.Қазақбаева

Категория: Нормативтік құжаттар

 
 
www.google.comyandex.ru