» » Ұлттық біріңғай тесті "АПЕЛЛЯЦИЯ БОЙЫНША жадынама"

 
 
 

Ұлттық біріңғай тесті "АПЕЛЛЯЦИЯ БОЙЫНША жадынама"

Автор: admin от 1-09-2016, 09:49, посмотрело: 1171

0

1.Апелляцияға өтініш беру

x Тестілеу нәтижесі бойынша апелляцияға өтініш берушінің өзі тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін береді және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарайды.

x Өтініш ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктіне (ҰБТӨП) беріледі.

x Аппеляцияға өтініш арнайы үлгіде беріледі.

x Апелляцияға берілетін өтініш үлгісін бекітілген өтініш беру мерзімінде ҰБТӨП-тен алуға болады.

xӨтініш беруге қажетті құжаттар:

þжеке басын куәландыратын құжат;

þұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) кіруге рұқсаттама.

xӨтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебі мен негіздемесін) көрсету керек.

xАпелляцияға барлық тест тапсырмаларын қарау жөнінде түскен өтініште әр тапсырма бойынша дәлелдемелер (толық түсіндірулер, есептердің адымдық шешулері) көрсетілмесе, ол өтініш қарастырылмайды.

 

2.Апелляция түрлері

x Апелляция қарастырылады:

þ тест тапсырмаларының мазмұны мен мәтіні бойынша;

þТехникалық себептер бойынша.

x Тест тапсырмаларының мазмұны мен мәтіні бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:

þ дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмейді (дұрыс жауап нұсқасы көрсетіледі);

þ дұрыс жауабы жоқ;

þ Бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларында бірнеше дұрыс жауап болса(барлық дұрыс жауаптар нұсқасы көрсетіледі);

þ сұрақ дұрыс құрастырылмаған;

þмәтіннің үзіндісі болмағандықтан, нақты дұрыс жауап анықтау мүмкін емес;

x Техникалық себептер бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:

þ егер сканер дұрыс жауабы бар дөңгелекшені екі немесе одан да көп жауап ретінде оқыса;

þ егер сканер дұрыс жауабы бар дөңгелекшені

бос дөңгелекше ретінде оқыса;

þ ақауы бар жауап парағы.

 

 

4. Апелляцияны қарау тәртібі.

x Апелляциялық комиссия тестіленушілердің өтініштерін тестілеу нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ден бастап қарайды.

xАпелляциялық комиссия әр тестіленушімен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тестіленуші апелляция комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

x Шешім тек тестіленуші апелляцияға берген тапсырма бойынша ғана қабылданады. Апелляцияға берілмеген тапсырмалар қаралмайды. Апелляциялық комиссия апелляция кезінде нұсқаны және таңдаған пәнді өзгерте алмайды.

x Егер тестіленуші өзі дұрыс жауап берген тапсырма бойынша апелляцияға өтініш берсе, онда ол тапсырма бойынша апелляциялық комиссия «қанағаттандырылмайды» деген шешімін қабылдайды.

x Апелляциялық комиссия тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептері бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, балл қосу төмендегі ретпен іске асырылады:

þ Апелляциялық комиссия бекітілген нысан бойынша шешімді және оның негіздемесін Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді (РАК);

þ РАК апелляциялық комиссияның шешімін қарастырады және аппелляция бойынша соңғы шешімді қабылдап, ҰБТӨП-тегі апелляциялық комиссияға жібереді.

.


 

3.Тест тапсырмаларының мазмұны және мәтін бойынша апелляцияға өтініш беру (үлгі)

 

 


 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініш беру (үлгі)

 

 

 


 

Категория: Ата-аналарға

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
www.google.comyandex.ru